Мемлекет басшысы Алматыдағы өртте ерлік жасағандарды марапаттады

0
505

Алматыда 16 қабатты үйде өрт шығып, тұрғындар балаларын терезеден лақтырған.


Мемлекет басшысы Алматыдағы өртте ерлік жасағандарды марапаттады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы "Ақкент" ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Ерлігі үшін" медалімен:

1) Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – "Expo Masters" ЖШС менеджері, Алматы қаласы;
2) Гюнай Шюкрю – "Спарк Электромеханик" ЖШС электригі, Алматы қаласы;
3) Исмаилов Эльдар Александрович – "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
4) Йерделен Халил – "GASK Construction" ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;
5) Мамедов Кенан Бабаұлы – "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
6) Романов Вадим Анатольевич – "Frank-Asia" ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.

Еске салайық, Алматыда 16 қабатты үйде өрт тұтанған болатын. Тұрғындар балаларын терезеден лақтырды. Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар.

Кейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қаза тапқанын хабарлады.