Мемлекет басшысы: Бәріміз жастарды қолдауымыз керек

0
760

Президент жастардың білім алуына ерекше назар аудару керек екенін атап өтті.


Мемлекет басшысы: Бәріміз жастарды қолдауымыз керек

ERNUR.KZ. Еліміз тек тұтынушы емес, жаңа дүниені өндіруші ұлт атануы керек. Бұл туралы елордада өткен ұлықтау рәсімінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады inform.kz.

«Біз өркениеттің алғы шебіндегі мемлекетке айналу үшін тек үйренетін емес, өзгеге үйрететін ұлтқа айналуымыз қажет. Сондай-ақ, тек тұтынушы емес, жаңа дүниені өндіруші ұлт атануымыз керек. Оған халқымыздың әлеуеті, дарыны, қарым-қабілеті жетеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент жастардың білім алуына ерекше назар аудару керек екенін атап өтті.

«Мен біздің жастарымыздың ұшқыр және озық ойлы екенін мақтан етемін. Сол себепті, Мағжан ақынның «Мен жастарға сенемін» деген сөзін үнемі айтамын. Шын мәнінде, бәріміз жастарымызды қолдауымыз керек. Өйткені, өскелең ұрпақ қана елімізді жарқын болашаққа бастайды. Бірақ, жастар жетістікке жету үшін көп еңбектенуі керек. Жаңа білім алуға, тың тәжірибе жинауға ұмтылған жөн. Сонда жастарымыз өз кәсібінің хас шебері атанады. Әрдайым сұранысқа ие болады, қоғамда сыйлы болады. Міне, осылай өмір сүрген адам ешқашан, ештеңеден ұтылмайды», - деді Мемлекет басшысы.