Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Монғолияның Тұңғыш Президентімен кездесті

0
867

Кездесуде екі ел арасындағы жақын қарым-қатынас және екі ел халықтарының тарихи тамыры ортақ екені айтылды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Монғолияның Тұңғыш Президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Монғолияның Тұңғыш Президенті Пунсалмаагийн Очирбатпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монғолия арасындағы жақын қарым-қатынасты және екі ел халықтарының тарихи тамыры ортақ екенін атап өтті.

– Біздің Монғолиямен ынтымақтастығымыз жемісті дамып келеді, халықаралық ұйымдар аясында бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Агроөнеркәсіптік кешен мен тау-кен өндірісі салаларындағы жобаларды жүзеге асыру жөнінде елдеріміздің іскер топтарының өзара уағдаластықтары бар, – деді Мемлекет басшысы.

Пунсалмаагийн Очирбат Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, оның қызметіне табыс тіледі.

Дереккөз: Ақорданың баспасөз қызметі

Бөлісу