Бүгін Өзбекстанның Самарқанд қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 27-саммиті басталады.
Өзбекстанға Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзге мемлекет басшыларымен бірге Самарқандтағы "Мәңгілік қала" кешеніндегі көрмелер мен шығыс базарын аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Мәңгілік қала" кешенінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің атынан ШЫҰ саммитіне қатысушыларды қабылдау ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, мемлекет басшылары бейресми кездесу барысында өзбек ұлттық тағамдарынан дәм татып, қаланы аралаған.