Мемлекет басшысы Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтады

0
76

Мемлекет басшысы Корольдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Таиланд халқына құт-береке тіледі.


Мемлекет басшысы Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Корольдіктің орнықты дамуының, ұлттық мұрасы мен рухани құндылықтарының айшықты белгісі ретінде бұл мерекенің Таиланд халқы үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

Мемлекет басшысы Корольдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Таиланд халқына құт-береке тіледі.