Мемлекет басшысы Түрікменстанға сапармен келді.
Мемлекет басшысы Түрікменстанға сапармен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысу үшін Түрікменбашы қаласына келді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысуы, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуі жоспарланып отыр.