Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Фото: Жамбыл облысының полиция департаменті
ERNUR.KZ. Жамбыл облысының полициясы Меркі ауданында бір үйге кіріп, үй иесінің тойға дайындап отырған қазы-шұжығын, тойбастарын ұрлап әкеткен 39 жастағы азаматты қолға түсірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Анықталғандай, қолға түскен азамат аудан ішінде бірнеше рет ұрлық істеген.
«Мәселен, ол бір адамның үйінен алтын, ноутбук пен өзге де құнды заттарды алып кеткен. Ал басқа үйге кірген ол жылқының қазысын, тойға дайындап отырған тойбастарын ұрлып әкеткен», - деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті.
Дереккөзге сүйенсек, азамат бұрын сотталған. Қазір оған қатысты қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабымен іс қозғалған. Күдікті тергеу изоляторында отыр.