Министр Қарашөкеев әйелі қандай күріштен палау пісіретінін айтып берді

0
434

Бүгінде супермаркеттерде дәні шағылған арзан күріш сатылады.


Министр Қарашөкеев әйелі қандай күріштен палау пісіретінін айтып берді

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев арзан күріштің сапасына қатысты пікір білдірді, деп жазады sputnik.kz.

Бүгінде супермаркеттерде дәні шағылған арзан күріш сатылады. Журналистер министрден арзан бағаға сатылатын осы күріштің сапасы туралы сұрады. Қарашөкеевтің айтуынша, отандық өнімнің сапасы жақсы.
"Өзім Қазақстанның күрішін ғана аламын. Ол күріштің сапасы өте жоғары. Бізде мынау "сечка" дейді ғой, шағылып қалған, сынған күрішке сұраныс жоқ. Ол күрішті Ресей Федерациясы мен Беларусь алып кетеді. Ол жақта шарап жасайды", - деді Қарашөкеев сенатта өткен брифингте.
Министр Қызылорда күрішінің сапасы жоғары екенін ерекше атап өтті.
"Мен баратын супермаркетте Қызылорданың күріші болады, 10-15 түрі тізіліп тұр. Одан палау да дұрыс шығады, көже жасасаң да болады. Біздің үйдегі "хозяйкамыз" қазақстандық күрішті пайдаланады”, - деп атап өтті Қарашөкеев.