Министр зейнетақыны көтеруге не кедергі екенін айтты

0
780

22 жылда азаматтардың жинаған қаражаты 10,8 триллион теңге болған және бұл орташа есеппен алғанда әр салымшыға небәрі миллион теңгеден айналады.


Министр зейнетақыны көтеруге не кедергі екенін айтты

ERNUR.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жинақтаушы зейнетақы жүйесінен бүгінде 212 мың қазақстандық зейнетақы алып отырғанын айтты. Орташа төлем 21 мың теңге, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бүгінгі таңда ынтымақты зейнетақы жүйесі біртіндеп тоқтатылып, 1998 жылдан бастап енгізілген жинақтаушы зейнетақы жүйесі бірінші орынға шығып келеді. Алайда, өкінішке орай, жинақтаушы зейнетақы жүйесі бүгінгі жағдайда оны жедел жетілдіруді талап етеді. Бүгінгі таңда жинақтаушы зейнетақы жүйесінен 212 мың адам зейнетақы алады, орташа төлем мөлшері шамамен - 21 мың теңге", - деді министр алқа отырысында.

Оның айтуынша, 22 жылда азаматтардың жинаған қаражаты 10,8 триллион теңге болған және бұл орташа есеппен алғанда әр салымшыға небәрі миллион теңгеден айналады.

Нұрымбетов зейнетақыны көтеруге не кедергі екенін айтты.

"Біріншіден, бұл жұмыс істейтін азаматтар табысының төмен деңгейі. Екіншіден, зейнетақы төлемдерін салудағы тұрақсыздық, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек, жалдамалы жұмысшы не еңбек шарты жоқ, зейнетақы активтерінің кіріс тым төмен болуы.

Салымшылардың зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру және Президенттің тапсырмасы бойынша жұмыспен қамтуды нысандандыру үшін Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп зейнетақы жүйесін жаңғырту, оның ішінде азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалануы бойынша ұсыныстар енгізді, оларды тұтастай алғанда Мемлекет басшысы мақұлдаған. Оларды жүзеге асыру шаралары 2020-2024 жылдарға арналған зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту бойынша әзірленіп жатқан Жол картасына сәйкес жүзеге асырылады", - деп нақтылады министр.