Министрлік аққулардың өлексесін видеоға түсірген блогерге айыппұл салды

0
609

Айыппұлды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті салған.


Министрлік аққулардың өлексесін видеоға түсірген блогерге айыппұл салды

ERNUR.KZ. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Маңғыстау облысында аққулардың жаппай қырылғаны туралы хабарлаған блогер Азамат Сәрсенбаевқа айыппұл салды, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы блогер әлеуметтік желіде жазды.

Айыппұлды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті салған.

"Экология министрлігінің жұмыс принципін түсінбеймін. Экологиялық мәселелерді көтеру, аймақтың сұлулығын көрсету және т. б. үшін бірлесіп жұмыс істеудің орнына, мұны сіздердің көмектеріңізсіз жасағандардан айыппұл төлеуді талап етесіздер ме?",- деп жазды ол.

Сәрсенбаев 45 945 теңге айыппұл, сондай-ақ жеке сот орындаушысының жұмысы үшін 11 486 теңге төлеуге міндеттелді.

Еске салсақ, бұдан бұрын блогер Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінде жүздеген аққудың өлексесі жатқанын мәлім еткен.

Көп ұзамай Маңғыстау облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы аққулардың қырылуының алдын-ала себебін жариялады.