Мүлкі су астында қалған семейліктерден өтініш қабылдау басталды

0
1 326

«Кешеден бері тұрғындарға көмір, тамақ, киім-кешек жеткізіліп жатыр. Барлық жағынан қолдау көрсетілуде. Бүгіннен бастап мүлкін қалпына келтіруге байланысты өтініштерді қабылдау басталды. Қазір арнайы комиссия жұмыс жүргізуде. Барлығын есептеп болған соң арнайы көмек беріледі», - деді қалалық Азаматтық қорғаныс жедел штабы ақпараттық қызметінің өкілі Мейіржан Амангелдиев.


Мүлкі су астында қалған семейліктерден өтініш қабылдау басталды

Семей қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтардың мүлкін қалпына келтіруге байланысты өтініштерді қабылдау басталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғындардың өтініштерін қабылдау 3 ауданда құрылған штабта яғни Бобровка саяжайы - № 44 мектеп, Пристань ауданы - №18 мектеп, Мирный кенті - №2 мектепте жүргізілуде.

Сонымен қатар, қазір су тасқынынан зардап шеккен Мирный кенті, Бобровка саяжайы мен Пристань ауданының тұрғындарына «Нұр Отан» партиясының филиалына жиналған азық-түлік таратылып жатыр.

Қазіргі кезде баспаналарына оралған тұрғындар көмір, ағашпен қамтамасыз етілуде. Бүгінгі күнге дейін 40 тонна қатты отын таратылған. Ал №№ 2,18, 29,44,39 мектептер осы аудандардағы оқушылардың ата-аналарына қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын беретін болды.

«Кешеден бері тұрғындарға көмір, тамақ, киім-кешек жеткізіліп жатыр. Барлық жағынан қолдау көрсетілуде. Бүгіннен бастап мүлкін қалпына келтіруге байланысты өтініштерді қабылдау басталды. Қазір арнайы комиссия жұмыс жүргізуде. Барлығын есептеп болған соң арнайы көмек беріледі», - деді қалалық Азаматтық қорғаныс жедел штабы ақпараттық қызметінің өкілі Мейіржан Амангелдиев.

Сондай-ақ, Түйемойнақ аралындағы биологиялық орталықта және Пристань ауданын апаттан кейін үйіліп қалған қоқыс қалдықтарынан тазалау жұмыстары атқарылады. Бұл жұмыс жоғары оқу орындар мен колледж студенттерінің көмегімен жүргізіледі.