Оқушының бірі қағаз шашуды төбеге емес, мұғалімнің тура бетіне бағыттап, атқан.
ERNUR.KZ. "Біз жақсы болсын дедік, бірақ әдеттегідей бәрі керісінше болды". Жаңаөзендегі мектептердің бірінде мұғалімін құттықтаған оқушылардың қылығын осылай деп бағалауға болады, деп жазады zakon.kz.
Балалар мұғалімін кәсіби мерекесімен құттықтаған. Бірақ оқушының бірі қағаз шашуды төбеге емес, мұғалімнің тура бетіне бағыттап, атқан.
Sputnik Қазақстан оқушы бала шардың кесірінен мұғалімді көрмей қалған деп жазады.
"Мұғалімнің жағдайы жақсы, жұмысын істеп жатыр. Ол ешқандай жарақат алмаған, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Өзінің қарамағында өте жақсы сыныбы бар. Осылайша балалар ата-аналарымен бірге мұғалімге тосынсый ұйымдастыруды ұйғарған. Біз үнемі мектепке ештеңе әкелмеуді ескертеміз. Алайда, міне осындай да пысық ата-аналар болады", - деді Жаңаөзен қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №19 мектептің директоры Күләш Жүгенбаева.