Науқас аттасы екен: Ақтөбе тұрғыны салығырттық салдарынан "қызыл" статусты иеленді

0
717

​Коронавируспен тегі, есімі мен әкесінің аты бірдей азамат ауырып қалған. Алайда мәліметтер базасына оның жеке сәйкестендіру нөмірі енгізіліп кеткен.


Науқас аттасы екен: Ақтөбе тұрғыны салығырттық салдарынан

ERNUR.KZ. Аттасының "қызыл" статусын иеленген Ақтөбе қаласының тұрғыны неше күнен бері үйден шығудан қалды, деп жазады sputniknews.kz.

Медицина қызметкерлері оның мәліметтерін Ashyq базасындағы коронавирусқа шалдыққандар тізіміне аттасымен шатастырып енгізген.

Мәлім болғандай, қателік №4 қалалық поликлиниканың мобильдік топ дәрігерлерінен кеткен.

"Мен коронавируспен ауырмаймын. Алайда өз статусымды тексергенде "қызыл" екенін білдім. Енді жұмысқа да бара алмаймын, мекемелер мен нысандарға кіру де мұң болды. Өйткені барлық жерге Ashyq арқылы кіргізеді. Коронавируспен тегі, аты мен әкесінің аты бірдей азамат ауырып қалған. Алайда мәліметтер базасына оның емес, менің жеке сәйкестендіру нөмірім енгізіліп кеткен", - дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Алексей.

Поликлиникадағылар өз кінәсін мойындағанымен, мәліметтер базасындағы қатені түземеген. Алексен осы мәселемен әкімшілікке, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен қалалық денсаулық сақтау басқармасына да барған. Алайда нәтиже жоқ.

""Қызыл" статус үшін жұмысқа бара алмай жүрмін. Ол күндердің ақысын кім төлейді? Неге мен біреудің қателігі мен салғырттығы үшін жауап беруім керек. Демек науқас азамат қалада еркін қыдырып жүр деген сөз бе? Мен науқас емеспін, алайда жүріп-тұруым шектеліп отыр. Бұл үшін енді кім жауапты?", - дейді ол.

Ақтөбе қаласының №4 поликлиникасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы "Олимп" зертханасына хат жолдап, базадағы сараптама қорытындысына өзгеріс енгізуді сұраған. Алайда оның қашан іске асатыны әзірге белгісіз.