Олардың жеке өмірі туралы ақпараттар да жария болмайды.
Фото: Piroschka Van De Wouw / Reuters
ERNUR.KZ. Енді Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерінің денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәліметтер мемлекеттік құпия саналады. Бүгін Парламент Сенаты тиісті түзету енген заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Депутаттар «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңға толықтыру енгізген. Оған сәйкес, енді Қазақстан президент мен экс-президентінің жеке өміріне қатысты ақпараттар заңмен қорғалады.
«Мемлекеттік құпиялар туралы» заңға барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті мемлекеттік құпияларға жатқызудан басқа, Қазақстан Республикасы президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы, күштері, құралдары мен әдістері туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасы Президентінің денсаулық жағдайы мен жеке өмірі туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасының экс-президенттерінің және олардың отбасы мүшелері туралы ұқсас мәліметтерді енгізу бойынша толықтыру енгізіледі», - делінген қорытындыда.
Сенат заңды мақұлдап, президенттің қарауына жіберді.