Назарбаев университетін қаржыландыру механизмі өзгереді

0
80

Нәтижесінде жаңа бюджет кодексінде нысаналы салымдар мен аударымдар көмегімен қаржыландыратын нормалар алып тасталды.


Назарбаев университетін қаржыландыру механизмі өзгереді

фото: Sputnik / Болат Шайхинов

ERNUR.KZ. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі бірқатар ұйымды қаржыландру механизмі өзгереді, деп жазады sputnik.kz.
Бұл ұйымдардың қатарында "Назарбаев университеті" және "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, "Астана" халықаралық қаржы орталығы бар.
Республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне (ШҚЕ) мемлекеттік аудит жүргізілген.
"Аудиторлар мемлекеттік мекемеге жатпайтын ұйымдарды нысаналы салымдар мен нысаналы аударымдардың көмегімен қаржыландыру мемлекет активтерінің сапасы мен дұрыстығына теріс әсер ететіні анықталды. Осындай механизмдер арқылы жыл сайын "Назарбаев университеті" және "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, "Астана" халықаралық қаржы орталығы және басқа да бірқатар ұйым қаржыландырылады", - дейді ведомстводағылар.
Жоғары аудиторлық палата үкіметке қаржыландыру тәсілін өзгерту туралы ұсынды, өйткені қолданыстағы механизм мемлекет активтерінің өсуіне ықпал етпейді және қаражатты жұмсауда ашықтық жоқ.
Нәтижесінде жаңа бюджет кодексінде нысаналы салымдар мен аударымдар көмегімен қаржыландыратын нормалар алып тасталды. Оның орнына заңды тұлғаларға берілетін трансферттер енгізіледі.
Үміткер ұйымдар өздерінің стратегиялық құжаттарында нақты нәтижелерді жоспарлаған жағдайда ғана трансферттер бөлінеді.
Ал пайдаланылмаған қаражат бюджетке қайтарылады, бұл заңда көзделген жекелеген жағдайларды қоспағанда.