Назарбаевқа арналған ұшақ: «Қазақмыс» шұғыл мәлімдеме жасады

0
170

Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қазақмыс» корпорациясы Қазақстанның тұңғыш президентіне ұшақ сатып алыпты деген ақпарат тараған болатын.


Назарбаевқа арналған ұшақ: «Қазақмыс» шұғыл мәлімдеме жасады

ulysmedia.kz коллажы

ERNUR.KZ. "Қазақмыс" экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұшақ сатып алып берген деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады ulysmedia.kz.

Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қазақмыс» корпорациясы Қазақстанның тұңғыш президентіне ұшақ сатып алыпты деген ақпарат тараған болатын.

Осыған байланысты компания ресми түрде бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

- «Қазақмыс» корпорациясы ешбір жеке тұлғаға әуе кемесін сатып әперген жоқ. Әуе кемесін сатып алу тек компанияның өндірістік қажеттіліктерімен байланысты. Мұндай келісім туралы кез келген мәлімдеме негізсіз және қоғамды жаңылыстыруға бағытталған. Біз бұқаралық ақпарат құралдарын және әлеуметтік желі қолданушыларын таратылатын ақпараттың шынайылығын мұқият тексеруге және расталмаған деректерді жариялаудан бас тартуға шақырамыз, делінген хабарламада.

«Қазақмыс» корпорациясы ашықтық қағидатын ұстана отырып, өзінің негізгі қызметі аясындағы жұмысын жалғастыратынын атап өтті.