Назарбаевтың суреттері Астанадағы алаңнан алып тасталды

0
143

Жуырда тұрғындар сурет алаңнан жоғалып кеткенін байқаған.


Назарбаевтың суреттері Астанадағы алаңнан алып тасталды

Фото: 2gis.kz, Tengrinews.kz оқырманынан

ERNUR.KZ. Астанада әкімдік аумағындағы алаңнан Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері бар стендтер алып тасталды, деп жазады tengrinews.kz.

Бұрын бұл жерде экс-президенттің әртүрлі жылдағы суреттері бар стендтер тұрған еді. Жуырда тұрғындар сурет алаңнан жоғалып кеткенін байқаған.

фото: tengrinews.kz.
Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Керей, Жәнібек хандар алаңында абаттандыру және елорда тұрғындары мен қонақтарының жайлылығын арттыру үшін жоспарлы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталған.
"Жөндеу жұмыстары аясында плакаттары бар құрылымдар бөлшектеледі. Оның орнына көпжылдық гүлзарлар пайда болады, бұл аумақтың экологиясы мен эстетикасын жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ, жобада қосымша жарықтандыру тіректерін орнату, көше жиһаздарын жаңарту және үйлесімді ландшафт дизайнын жасау көзделген", - деді әкімдік өкілі.