Өрт сөндірушілер адамдарды эвакуациялап, өртті сөндірді.
ERNUR.KZ. Өрт сөндірушілер Нұр-Сұлтандағы ірі сауда орталығында оқу-жаттығу шараларын жүргізіп, жүздеген адамды қауіпсіз жерге шығарды. Өрт Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда үйіндегі сценарий бойынша сөндірілген деп, жазады kaz.nur.kz.
Өрт сөндірушілер мен ТЖК құтқарушылары оқу-жаттығуды "MegaSilkWay" сауда орталығында өткізген. Дабыл дыбысы қосылғаннан бастап 2300-ге жуық адам эвакуацияланды. Эвакуация үш минутқа созылған.
Қарбалас кезде сауда үйінде 40 мыңға жуық адам болатындықтан, жаттығу дәл осы сауда ойын-сауық орталығында өткізілді.
Онан астам адамның өмірін қиған Кемереводағы "Зиняя Вишня" сауда орталығындағы сияқты өрттің ең күрделі нұсқасы батут орталығында ұйымдастырылды.
Жаттығу шарты бойынша, өрт қою салдарынан екінші қабаттағы батут паркінде өрт шықты. Өрт сөндірушілер адамдарды эвакуациялап, өртті сөндірді.
"Өткен жылы Ресейде көп адамның өмірін қиған күрделі өрт болғанын білесіздер. Мемлекет басшысы барлық ірі сауда орталықтарында өртке қарсы дайындықтың тексерілуін тапсырылды. Еліміздегі 1200 нысанның 29 ғана талапқа сай болған.
Кемероводағы қайғылы жағдайдан кейін сот процестері басталды. 10 аса адам сотталып жатыр. Айыпталушылардың арасында әріптестеріміз бен өрт сөндірушілер бар. Оларға эвакуация шараларын дер кезінде іске асырмады деген айып тағылып отыр. Басқалардың қателерінен сабақ ала білу керек", - деді ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер.
Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде 150 нысан сот процестерінен өтіп жатыр - оларды өрт қауіпсіздігі шарттарын орындауға міндеттеді.