Аламтыға жеткеннен кейін жаңа вагондар тұрақты түрде «Алматы – Маңғыстау» бағыты бойынша қатынайтын болады.
ERNUR.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша бір реттік пойыздардың іске қосылатыны туралы хабарлады, деп жазады nbusiness.kz.
«2019 жылдың 19 және 20 шілде күндері № 202/201 «Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Алматы-2» бағыты бойынша екі жолаушылар пойызы сапарға шығады. Жөнелту уақыты – 17 сағат 16 минутта. Екі пойыз жаңа 25 плацкарт вагондарынан құралған. Вагондар заман талабына сай кондиционер, су сүзгіш, өртке қарсы жүйе, биотуалет қондырғыларымен жабдықталған. Әр вагонда 54 орын бар»,– делінген ұлттық тасымалдаушы таратқан хабарламада.
Аламтыға жеткеннен кейін бұл жаңа вагондар тұрақты түрде «Алматы – Маңғыстау» бағыты бойынша қатынайтын болады.
Айта кетсек, «Жолаушылар тасымалы» алдағы 10 жылдың ішінде 1200 жаңа вагон алуды көздеп отыр.