​Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласындағы теңіз жағалауын аралап көрді

0
3 151

Бес мемлекеттің басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындайтын құжатқа қол қояды.


​Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласындағы теңіз жағалауын аралап көрді

ERNUR.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласындағы жаңа теңіз жағалауын аралап көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы өнер адамдарымен әңгімелесу барысында Ақтау қаласының және Маңғыстау өңірінің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.
«Құрметті маңғыстаулықтар, сіздер әлемдік тарихқа енетін айтулы оқиғаға куә болғалы тұрсыздар. Ертең алғаш рет бес мемлекеттің басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындайтын құжатқа қол қояды. Облыста туризм дамып келеді, теңіз порттары мен әлеуметтік нысандар салынуда. Осының бәрі сіздер үшін, балаларыңыз бен сіздердің болашақтарыңыз үшін жасалуда», деді маңғыстаулықтармен тілдескен Президент Нұрсұлтан Назарбаев.
Амфитеатр - кең, заманауи үлгідегі көпфункционалды сахнаның ұзындығы 70 метр, 19 бағананың биіктігі 9 метр. Амфитеатр 15 шағын аудандағы ұзындығы 1 км 750 метр жаңа жағалауда орналасқан. Нысан құрылысы бір жарым айдың ішінде аяқталды. Жаңа амфитеатр «Led-панель», заманауи жарық техникалармен қамтылған. Мұнда бір мезетте 1000 өнерпаз өнер көрсете алады. Олардың өнерін 25 мың көрермен тамашалайды. Амфитеатрда фестиваль, концерт пен түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, сахна төрінде тұрған орталық бағананың үстіне «Суын айғыр» мүсіні қойылған. Мүсіннің биіктігі 4 метр, 20 см. Сахна астында техникалық қызметкерлер мен әртістерге арналған бөлмелер бар. Сондай-ақ, мұнда арнайы пандустар орнатылған. Жаңа жағалауға 48 мың шаршы метр кеспе тастар төселген. Оның сахна алдындағы 3 мың шаршы метр бөлігі қызыл, көк, сары түске еніп жарқырап тұрады. Сондай-ақ, жаңа жағалауда 4 тынығатын орын(ротонда), 6 алаң(алдағы уақытта тағы 6 алаң салынады), 340 орындық, 340 қоқыс жәшігі, 4 балалар алаңы бар. Оның біреуі воркаутпен айналысып, жаттығуға арналған орын болады. Сондай-ақ, 16 ескерткіш қойылған. Балалар алаңының жанына тұрғындардың тынығуына арналған орындықтар мен 4 шатыр қойылады. Құрылысқа 500 адам жұмылдырылды. Қыркүйек айының соңына дейін тағы 17 мың шаршы метр кеспе тастар төселеді деп жоспарлануда.