Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жариялады

0
200

Біліктілікті арттыру курстарының тізбесі жергілікті атқарушы органдар берген өтінімдер негізінде қалыптастырылады.


Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жариялады

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге біліктілікті арттыру курстарына қатысты ескерту жариялады, деп жазады baq.kz.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы ақылы курстар көбейіп кеткенін айтты.

Міндетті біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы жалған ақпараттардың таралуының алдын алу мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес мемлекет үш жылда бір рет мұғалімдерді тегін біліктілікті арттыру курстарынан өткізіп келе жатқаны естеріңізге саламыз, - деді ол.

Біліктілікті арттыру курстарының тізбесі жергілікті атқарушы органдар берген өтінімдер негізінде қалыптастырылады. Бұл орайда тақырып пәндерді оқытудың нақты әдістеріне қатысты болады.

Әлеуметтік желілерде ақылы курстар туралы күмәнді ақпараттар таралуда, курстардың ақылы болуы ведомствоның біліктілікті арттыру курстарының жоспарында қарастырылмаған. Сондықтан педагогтерге аса мұқият әрі сақ болуды ескертеміз, - деп айтты Мереке Амангелдіқызы.

Министрлік күмәнді курстар туралы ақпарат белгілі болған жағдайда білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерге жүгінуді немесе Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне +7 (7172) 74-23-92 телефон нөмірі арқылы хабарласуды сұрады.

Сондай-ақ курстар бойынша толығырақ ақпаратты «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның сайтынан білуге болады.