Телевизияға 2 мыңнан астам сабақ түсірілетін болады.
ERNUR.KZ. Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан мектептерінде сабақты өткізу ұзақтығы 30 минут болады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елордада брифинг барысында айтты, деп жазады тengrinews.kz.
Абаев елімізде қашықтан оқытуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын және жұмыс тобы құрылғанын айтты.
"Әлем елдерінің қашықтан оқыту тәжірибесі зерделенді. Министрлікте құрылған жобалық офистің ұсыныстарын ескере отырып, өз концепциямызды айқындадық. Негізгі контент ретінде телевизиялық сабақтар, дайын цифрлық ресурстар ұсынылады. Телевизияға 2 мыңнан астам сабақ түсірілетін болады. Қазіргі таңда 200-ге жуығы дайын. Бұл ресурстардың барлығы педагогқа және оқушыға қосымша ақпарат болып саналады. Негізгі қашықтықтан оқу процесі әр мектепте жасалған сабақ кестесіне сәйкес өткізілетін болады. Сабақты өткізу ұзақтығы 30 минутты құрайтын болады. Оқушы, мұғалім, ата-ана кері байлынысты kundelik, bilimal мектеп жүйелері арқылы орнататын болады. Барлық методикалық нұсқа дайын, - деп түсіндірді Дәурен Абаев.