Оқушысы шампурдан қаза тапқан мектептің директоры жұмыстан шығарылды

0
160

Алматы облысында оқушы өз сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінген болатын.


Оқушысы шампурдан қаза тапқан мектептің директоры жұмыстан шығарылды

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Алматы облысындағы оқушы өлімі бойынша қозғалған қылмыстық істің жай-жапсарын мәлім етті, деп жазады inform.kz.

- Шампурдан келген кісі өлімі туралы айтсақ, қазіргі таңда «Қасақана адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, кәмелетке толмаған күдікті қамауға алында. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот санкциясы бойынша қамауға алынып, тергеу әрі қарай жалғасып жатыр. Тергеушілер Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы бойынша жергілікті әкімдікке ұсыныс берді. Мектеп директоры қызметінен босатылды. Оның орынбасары мен екі сынып жетекшісі тәртіптік жазаға тартылды, - деді Санжар Әділов.

Еске салсақ, Алматы облысында оқушы өз сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінген болатын.