Олжас Бектенов: Өткізілетін жұмыстардың мерзімі ғана емес, сапасы да маңызды

0
288

Үкімет басшысы өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысында болғанын нақтылап, жөндеу-құрылыс жұмыстарының жақсы қарқынын атап өтті.


Олжас Бектенов: Өткізілетін жұмыстардың мерзімі ғана емес, сапасы да маңызды

11 маусымда ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов үкімет отырысында су тасқынынан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысына бардым. Жөндеу және құрылыс жұмыстарының қарқыны жақсы. Басқа өңірлер әлі қажетті қарқынды ала алмай отыр. Тағы да еске саламын – жаз мезгілі қысқа, бәрін белгіленген мерзімде, әрі сапалы етіп жасауға біраз уақыт талап етіледі. Өкінішке орай, жергілікті билік органдарының жұмысында салғырттық, шешім қабылдауда баяулық, ұйымдастыру ісінде әлсіздік байқалады. Әсіресе Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының белсенділігін арттыру қажет. Мерзімдерді мүлдем бұзуға болмайды. Бірақ тек мерзім емес, сапа жағы да өте маңызды. Оған да жіті назар аудару қажет», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, Олжас Бектенов көптеген өңірде су тасқынымен күресу үшін құм мен саздан үйінділер жасалғанын, топырақ салынған қаптар пайдаланылғанын атап өтті.

«Ендігі кезекте әкімдіктер бәрін өркениетті түрге келтіру керек. Экологияға зиян келтірмес үшін барлық қапшықтарды алып тастап, кәдеге жарату қажет», - деді Премьер-Министр.