«Он бір жасымда мешітке барып, намаз оқығанмын»: әнші Луина бала күнгі сырын ақтарды (ВИДЕО)

0
263

​Ол 16 жасында исламды таңдаған.


«Он бір жасымда мешітке барып, намаз оқығанмын»: әнші Луина бала күнгі сырын ақтарды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Танымал әнші Луина Дина Төлепбергенге берген сұхбатында жолдасының ислам дінін қабылдағанын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Менің жолдасым 16 жасында ислам дінін қабылдаған. Оның Әбубәкір деген есімі де бар. Ол өзін атеистпін дейді, бірақ діндердің ішіндегі ең жақыны ислам дейді. Ислам дінін ұстану өте тиімді, жаныма жақын деді. Бірақ ол тек таза деректерге ғана сенеді. Қазір оның жасы отызда, есейе келе оған келесің деп айтқан едім. Мен биыл бірінші рет ораза ұстадым. Ол менен үлгі алды. Жұма күндері кейде мешітке барады», - дейді әнші.

Луизаның айтуынша, әнші небары 11 жасынап бастап мешітке барып, намаз оқыған.

«Менің атам молда болған кісі. 11 жасымнан бастап мен де мешітке барып, намаз оқитын едім. Қазір де өзіме қажетті ең керек деген сүрелерді жатқа білемін. Маңызды кезде, күнде ұйықтар алдында олардың оқып отырамын», - дейді ол.

Еске салсақ, Луиза мен оның жолдасы Артем Обухов 2019 жылы шаңырақ көтерді. Олардың жас айырмашылығы -7 жас.