Орал қалалық сотының төрағасы қамауға алынды

0
272

Руслан Жұмағұлов төраға болып 2019 жылдың 31 желтоқсанында тағайындалған.


Орал қалалық сотының төрағасы қамауға алынды

Фото: zko.sud.kz

ERNUR.KZ. Оралда қалалық сот төрағасы Руслан Жұмағұлов қамауға алынды. Бұған дейін судья ұсталғаны туралы ақпарат БАҚ-та пайда болған еді, деп жазады tengrinews.kz.

Жұмағұловты қамауға алуға санкция беру туралы өтінішті Астананың тергеу соты қараған.

"6 қарашада сотқа аға тергеушінің Руслан Жұмағұловқа қатысты 10 тәулік мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініші келіп түсті", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы бойынша, арыз қанағаттандырылды.

"Тергеу сотына адвокаттарға қатысты материалдар түскен жоқ", - деп түсіндірді ведомство.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Руслан Жұмағұлов төраға болып 2019 жылдың 31 желтоқсанында тағайындалған.