Оралда мейрамхана мен дәмхана қызметкерлері жұмыс сұрады

0
2 598

Мейрамхана иелері мен кәсіпкерлер санитар дәрігердің қаулысы шыққаннан кейін жаңа талаптарға үйренісуге уақыт жетпей жатқанын айтты.


Оралда мейрамхана мен дәмхана қызметкерлері жұмыс сұрады

ERNUR.KZ. Оралда мейрамханалар мен дәмханалардың қызметкерлері қолдарында плакат ұстап, әлеуметтік желілерде суреттерін жариялап жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz.

Қоғамдық тамақтану орындарының қызметкерлері пандемия кезінде қиын жағдайға тап болғанын осылай жеткізді және жұмыс беруді талап етті.

Instagram-дағы zhaloby_uralsk_official парақшасында мейрамхана қызметкерлерінің "Біз неге өмір сүреміз?", "Несиемді төлеңдер", "Бізге жұмыс беріңіз", "Біз жұмыс істегіміз келеді", "Біз шаршадық", "Балаларыма тамақ беріңдер" деп жазылған плакаттармен түскен суреттері жарияланған.

Ал мейрамхана иелері мен кәсіпкерлер санитар дәрігердің қаулысы шыққаннан кейін жаңа талаптарға үйренісуге уақыт жетпей жатқанын айтты. Олар 20.00-ге дейін тамақтану нысандарына жұмыс істеудің мәні жоқ екенін түсіндірді, сондықтан ондаған адамды жұмыссыз қалдыруға мәжбүр.

"Біз жабылып, адамдарды таратуға мәжбүрміз", - дейді Орал кәсіпкерлері.

26 қаңтарда БҚО әкімі Ғали Есқалиев жедел штаб отырысында мейрамхана иелеріне карантин кезінде бизнесін үйірме немесе спорт залдарына қайта форматтауды ұсынған. Алайда кәсіпкерлер бұл идеяны қолдамады, себебі ғимараттары ондайға қарастырылмаған.