​Оралда тұрғын үйдегі өрттен бес адам зардап шекті

0
1 044

Аумағы 10 шаршы метрді қамтыған өрт 12.22-де оқшауланып, 12.27-де сөндірілді.


​Оралда тұрғын үйдегі өрттен бес адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Оралда тұрғын үйдегі өрттен бес адам құтқарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өрт бүгін Еуразия даңғылы бойындағы бес қабатты 56-үйде 32-пәтерінде болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен алынған мәлімет бойынша өрттен бес адам зардап шекті. Орта дәрежелі газдан уланған 40 жасар әйел мен бір жасар сәби облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Жеңіл дәрежеде газдан уланған 89 және 91 жасар кейуана мен 71 жасар ер адам ауруханаға жатудан бас тартты.

Бірінші қабаттағы өрт жөнінде сағат 11.56-да хабар түскен. Құтқарылғандардың біреуі - бала. Оған қоса 15 адам эвакуацияланса, соның екеуі - бала.

Аумағы 10 шаршы метрді қамтыған өрт 12.22-де оқшауланып, 12.27-де сөндірілді.

«Тілсіз жауды» ауыздықтау мен құтқару жұмыстарына 23 адам, 5 техника жұмылдырылды.

Қазіргі кезде өрттің себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.