Оралдағы мейрамхана ТЖ тәртібін бұзып, белгіленбеген уақытта банкет өткізген (видео)

0
759

Қаладағы мейрамханалардың бірінде бір топ адам туған күн тойлаған.


Оралдағы мейрамхана ТЖ тәртібін бұзып, белгіленбеген уақытта банкет өткізген (видео)

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы орталығының ойын-сауық орындарында рейд жүргізілді. Төтенше жағдай режимінде оларға сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген. Анықталғандай, қалалық мейрамханалардың бірі белгіленбеген уақытта банкет өткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тексеру жұмыстарын жергілікті полиция қызметі, қалалық әкімдік қызметкерлері мен санитарлық дәрігерлер жүргізген.
Қаладағы мейрамханалардың бірінде бір топ адам туған күн тойлаған. Мекеме әкімшісі отырысты тоқтата алмаған, ал кейіннен тіпті, тексерушілерді кіргізбей, есікті жауып алған. Сөйтіп, банкет ары қарай жалғасқан.
"Бұзушылық факті тіркелді. Әкімшілік хаттама толтырылды, материалдар сотқа жіберіледі. ТЖ кезінде барлық асханалар, кафе мен мейрамханалар 22:00-де жабылуы тиіс", – деп мәлімдеді Орал полиция басқармасының басшысы Жантемір Иманәлиев.
Жақында өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг болып, қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс тәртібі туралы ескертілген.
"Мекемелерде адам саны 50-ден аспауы керек. Демалыс және мереке күндері рейдтер жүргізіледі. Бұның барлығы азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр", – деді Орал әкімі Абат Шыныбеков.
Айта кетейік, полиция қызметкерлері ТЖ тәртібін бұзған үш мекеменің басшыларына ескерту жасады.