Өрттен қаза тапқан 5 қызға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

0
1 048

Барлық сараптама жұмыстары мен тергеу амалдарын жүргізгеннен кейін аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.


Өрттен қаза тапқан 5 қызға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

ERNUR.KZ. 2019 жылдың 4 ақпанында болған 5 қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп жазады holanews.kz.

«Аталған іспен полиция департаментінің тергеу басқармасы айналысқан болатын. Барлық сараптама жұмыстары мен тергеу амалдарын жүргізгеннен кейін аталған іс өндірісін тоқтату туралы шешім қабылданды. Қылмыстық іс тоқтатылды. Құзырлы орган - Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасына аталған шешімнің заңдылығын тексеру үшін іс құжаттары жолданды», - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті төрағасының орынбасары Ғазиз Нұрқаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, 4 ақпанда түнде Нұр-Сұлтанның Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласында тұрғызылған уақытша баспанадан өрт шыққан болатын.

Өрт сөндіру кезінде 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы туған 5 қыздың денесі табылды. Бес баланың ата-анасы оқиға уақытысында түнгі жұмыста болған.