Жеңілдетілген кредит алған шаруалар оны 2026 жылдың наурызына дейін қайтаруы қажет.
фото : Пресс-служба президента Казахстана
ERNUR.KZ. Аграрлық кредиттік корпорацияның басшысы Алмат Әшірбеков фермерлерге арналған 5 проценттік кредиттің берілетінін уақытын атады, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін президент Тоқаев көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жеңілдетілген несиені желтоқсан айынан бастап беруді тапсырған болатын. Соның нәтижесінде диқандар жанар-жағармайды, қосалқы бөлшектерді, басқа да қажетті тауарлар мен қызметтерді уақытында сатып ала алады.
Аграрлық кредиттік корпорацияның басшысы Алмат Әшірбековтың айтуынша, қазіргі кезде өтінімдерді қабылдау басталды. Биыл алғаш рет көктемгі егістік жұмыстарына арналған кредиттер желтоқсанда беріледі.
"Біз қараша айында өтінім қабылдауды бастадық. Қазіргі кезде қажетті шараларды атқарып жатырмыз. Соның ішінде нарықтан қаржыны тарту жұмыстары да бар. Алдағы 29 қарашадан бастап келесі жылғы көктемгі егістік жұмыстарын 5 проценттік мөлшерлемемен қаржыландыруды бастаймыз", - деді Әшірбеков мәжілісте өткен жиында.
Жеңілдетілген кредит алған шаруалар оны 2026 жылдың наурызына дейін қайтаруы қажет.