Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 15 науқас қайтыс болды

0
469

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан он үш, пневмониядан екі адам қайтыс болды.


Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 15 науқас қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте 15 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

8 маусымдағы жағдай бойынша, коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 71 оқиғасы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 22 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырды – 55999, қайтыс болды – 944, жазылып шықты 51581 адам.

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 13 адам көз жұмды.

Еске салайық, кеше коронавирус пен пневмониядан 18 адам қайтыс болғанын хабарлаған едік.