Жас жігіт үш адамның өмірін қиған.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Өскеменде туыстарын аяусыз өлтірген ер адам ұсталды. 27 жастағы жігіт 3 адамның денесін жөртөлеге тастап, үйді өртеп жіберген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
30 қаңтарда Өскемендегі жер үйдің бірінде өрт шыққан. Жергілікті өрт қызметі тілсіз жаудың бетін қайтарған соң, үйдің жертөлесінен басы пышақ және балтамен жараланған 3 адамның мәйіті табылған. Олар 79 жастағы үй иесі, оның бірге тұратын 69 жастағы әйелі және 51 жастағы туысқаны болып шықты.
Полиция қайғылы оқиға болардан бұрын көз жұмғандар бірге арақ ішіп отырған дейді. Көп ұзамай күдікті қолға түсті. 27 жастағы ер адам туыстарын өлтіріп, қылмысын жасыру үшін үйге өрт қойған.
«Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Полиция қылмыстың себептерін объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекетін жүргізеді», - делінген ШҚО полициясының хабарламасында.
Қазір ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалған.