Өзбекстан Республикасында Ақтөбе облысының күндері өткізіледі

0
1 506

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай мәлімдеді,-деп хабарлайды aktobenews.kz.


Өзбекстан Республикасында Ақтөбе облысының күндері өткізіледі

фото: aktobenews.kz

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай мәлімдеді,-деп хабарлайды aktobenews.kz.

«Біздер өзге елдер арасында Орынбор қаласында Ақтөбенің күндерін өткіздік. Енді биыл облыс әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасымен Өзбекістан Республикасының, соның ішінде Қарақалпақстан Республикасының Нөкіс қаласында өткіземіз деген жобамыз бар. Жалғыз ауыл шаруашылығына ғана қатысты емес, мәдениет, өндіріс тағы басқа саласы бойынша қамтиды. Ол алдағы уақытта жоспармен бекітілетін болады. Негізі күз айларына белгілеп отырмыз», – деді ауыл шаруашылығының басқармасы Құсайын Сәрсенбай.

Айта кетейік, өңіраралық кооперциясын дамыту аясында өңірде бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда көршілес аймақтармен, Ресей Федерациясының Орынбор, Орск және басқа да облыстарымен жергілікті өнімдерді өткізу туралы келіссөздер жүргізілу үстінде.