Өзбекстанда балалардың өліміне себеп болған дәрі Қазақстанда сатылмайды – ДСМ

0
778

Қазақстанда осындай құрамды бір препарат Викс Актив Стоптомакс плюс сауда атауымен тіркелген.


Өзбекстанда балалардың өліміне себеп болған дәрі Қазақстанда сатылмайды – ДСМ

ERNUR.KZ. Өзбекстанда балалардың өліміне себеп болған дәрі Қазақстанда тіркелмеген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп жазады tengrinews.kz.

"Дәрілік заттарды мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының мәліметінше, бұл - "ДОК-1 МАКС" препараты, өндіруші - Marion Biotech, Үндістан. Тіркеу мерзімі 2018 жылы аяқталған. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасында тіркелмеген. Құрамында 500 милиграмм парацетамол, 200 милиграмм гвайфенезин және 10 милиграмм фенилэфрин гидрохлориді бар", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Министрлік, сондай-ақ, Қазақстанда осындай құрамды бір препарат Викс Актив Стоптомакс плюс сауда атауымен тіркелгенін айтты, Ұлыбритания. Бұл препарат тек ересектерге арналған. Нұсқау бойынша, 18 жасқа толмаған балаларға қолдануға болмайтынын көрсетеді. Бұл суық тиюге қарсы препараттар тобы.

"Парацетамол болғандықтан, препараттың бүйрек функциясының бұзылуына әсері бар. Сондықтан нұсқаулықта оны жиі емес, күніне 4-6 сағат сайын қабылдау керегі көрсетілген. Бауыр аурулары мен бүйрек жеткіліксіздігі барларға парацетамол қабылдауға болмайды. Бізде сатылмайды", - деді министрлік өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстанның Самарқанд облысында ЖРВИ-ге қарсы "ДОК-1 МАКС" үнділік препаратын қабылдағаннан кейін екі айдың ішінде 15 баланың қайтыс болғаны хабарланған еді.