​Пәкістанда өндірілген шай құрамында пайдалануға тыйым салынған синтетикалық бояғыштар анықталды

0
2 616

Пәкістанда өндірілген шай таңбалануы бойынша сәйкес келмейді: дайындалған күні, өндірушінің атауы және орналасқан жері, EAО айналымының бірыңғай белгісі жоқ.


​Пәкістанда өндірілген шай құрамында пайдалануға тыйым салынған синтетикалық бояғыштар анықталды

фото ogastrite.ru

Пәкістанда өндірілген шайлар құрамында пайдалануға тыйым салынған синтетикалық бояғыштар анықталды, - деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметі. Бұл туралы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап ERNUR.KZ. сайты хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстанның тұтынушылық нарығында Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (021/2011 КО ТР) және "Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері" (КО ТР 022/2011) және "Тамақ қоспаларының, хош иістендіргіштер мен технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" (КО ТР 029/2012) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін Пәкістанда шығарылған шайдың сатылу фактісін анықтады.

"Пәкістанда өндірілген мына: "Al Barkat" ("AA Mughal General Traders" өндірілген), "Gajjal's Теа" (KPK "Gajjal's» өндірілген), "Allama" ("MTI medical Pvt" өндірілген), "Pac Tea" (Zaib-un-Nisa street Sadar Karachi өндірілген) және Allied Tea шайлар құрамында пайдалануға тыйым салынған синтетикалық бояғыштар (Солнечный закат E 110 және тартразин E102) анықталды. Бұдан басқа "Al Barkat" шайының құрамында зең нормадан 10 есе, Gajjal's Теа шайында 2-4 есе жоғары", - деп хабарлады комитеттегілер.

Сондай-ақ, Пәкістанда өндірілген шай таңбалануы бойынша сәйкес келмейді: дайындалған күні, өндірушінің атауы және орналасқан жері, EAО айналымының бірыңғай белгісі жоқ. Комитет Пәкістанда шығарылған сәйкес келмейтін шайды алу және жою, оны әкелуге және сатуға тыйым салу жөнінде уақытша санитариялық шараларды енгізу бойынша шаралар жүргізіп жатыр.