Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
ERNUR.KZ. Ер адамды іздеуге полиция мен әскерилер жұмылдырылған. Полиция кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп жазады inbusiness.kz.
Vita іздестіру жасағының еріктілері хабарлағандай, Асулан Нұрмағамбетовке 21 ақпан күні іздеу салынған. Кәсіпкер сол күні Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы көшесінде орналасқан өз үйінің ауласынан Toyota маркалы көлікпен шығып, жоғалып кеткен. Ер адамның жеке кәсібі болған, әрі сол күні өзінің бизнес серіктесімен кездесу жоспарланған. Асұлан Нұрмағамбетовті іздеуге полиция мен әскерилер, еріктілер жасағы жұмылдырылған.
“ Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын жоғалып кеткен қала тұрғынының мүрдесін тапты. Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде”, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.