Павлодарда өрт болған пәтерден 30 шақты адам эвакуацияланды

0
1 073

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамырда сағат 19.28-де Естай көшесі, 101 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.


Павлодарда өрт болған пәтерден 30 шақты адам эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, деп жазады baq.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамырда сағат 19.28-де Естай көшесі, 101 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Он екі қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында екі бөлмелі пәтерде балкон, үй заттары, терезенің ағаш жақтаулары жанған. Өрт шалған аумақтың жалпы алаңы 6 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін «102» қызметі 12 адамды эвакуациялады, - дейді департаментте.

Сондай-ақ ТЖД бөлімшелерінің өрт сөндірушілері баспалдақ бойынша 15 адамды қауіпсіз жерге шығарды, олардың төртеуі - бала.

Апаттық медициналық орталық қызметкерлері 1939 және 1990 жылы туған әйелдерге және 1975 жылы туған ер адамға медициналық көмек көрсетті.

Оларға «жану өнімдерімен өткір ингаляциялық улану» диагнозы қойылды, ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.