Ведомствоның мәліметінше, 27 қазанда 2005 жылы туған мектеп оқушысы Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына түскен.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы Пенжім ауылында жаппай төбелес кезінде зардап шеккен оқушының жағдайы туралы мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 27 қазанда 2005 жылы туған мектеп оқушысы Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына түскен.
"Ашық бас сүйек-ми жарақатына байланысты науқастың жалпы жағдайы ауыр. Диагнозы - бассүйек-мидың ауыр ашық жарақаты, оң жағы көгерген. 2-3-дәрежелі травматикалық шок алған. Есін біледі", - деп хабарланды.
Ведомство 27 қазанда сағат 20:00-де 102 пультіне Пенжім ауылында мектеп оқушылары арасындағы төбелеске қатысушылардың бірінің үйі маңына 30-ға жуық адам жиналғаны туралы ақпарат түскенін хабарлады.
"Бір топ адам бірқатар жекеменшік үй терезелерін, сондай-ақ бірнеше көлікті сындырған. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293 2-бөлімі ("Бір топ адамдар жасаған бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, ресми мәлімет бойынша, бұған дейін Алматы облысы Пенжім ауылының мектеп территориясында жаппай төбелес болып, 16 жастағы бала ауруханаға түскені хабарланған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі ("Екі немесе одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс тіркелген.