Пенжімдегі қақтығыс: полиция екі қылмыстық іс қозғады

0
574

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды.


Пенжімдегі қақтығыс: полиция екі қылмыстық іс қозғады

ERNUR.KZ. Алматы облысының полициясы Пенжімдегі дүрбелеңнен кейін қылмыстық істер тергеліп жатқанын айтты, деп жазады Zakon.kz.

Облыстық ПД деректері бойынша Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" және "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" баптары бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергелуде.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды.

Қылмыстық істің барлық қатысушылары анықталды. Тергеу барысында тиісті сараптамалар тағайындалды, істі дұрыс шешу үшін мән-жайды зерттеудің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне бағытталған тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды, - деп толықтырды ведомстводан.

27 қазанда оқушылардың жаппай төбелеске ұласқан қақтығысы туралы белгілі болды.

Белгілі болғандай, 9-10-сынып оқушылары арасында төбелес орын алып, нәтижесінде 16 жастағы жасөспірім зардап шекті.

Сонымен қатар, адамдар тобы бірқатар жеке үйлердің терезелерін, сондай-ақ бірнеше автокөлікті зақымдаған.