Экономикалық тергеулер департаменті қылмыстың мән-жайы туралы мәлімет берді
ERNUR.KZ. Петропавл әуежайын жөндеу кезінде құрылғылардың бағасын көтермелеу, орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу арқылы 70 миллион теңгеге жуық қаражат қымқырылған, деп жазады sputniknews.kz.
Мәліметке сүйенсек, экономикалық тергеулер қызметінің өкілдері Петропавл халықаралық әуежайының ғимаратын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының қымқырылғанын анықтапты.
Атап айтқанда, қаланың әуе айлағына орнатылған құрылғының құны құжатта көрсетілген бағасына қарағанда әлдеқайда төмен болып шыққан. Кей қондырғылар мен құралдар мүлдем жоқ. Мысалы, жүктер мен жолаушыларды тексеруге арналған сканерлер, арнайы көтергіш пен тағы бір технологиялық құрылғының саны құжатта көрсетілгеннен аз екен. Сонымен қатар, мердігерлер жөндеу жұмысындағы оқылықтар мен тәртіп бұзушылықтарды жасыру үшін сарапшыларды параға жығуға тырысқан.
Мердігерлер ұсталып, алаяқтық және коммерциялық пара үшін сотталды. Сот үкімі – алты жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру.
"Мемлекеттің шығыны толық қайтарылған соң, іс қайтадан сотқа түсіп, сот прокурор ұсынған алты жыл бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасымен келісіп, процестік келісімді бекітті", - деп атап өтті Петропавл қалалық сотының судьясы Михаил Гусев.
Облыстық экономикалық тергеулер департаменті мәлімет бергендей, жыл басынан бері қызметкерлер жалпы сомасы 300 миллион теңгеге тарта бюджет қаражатын қымқыру қылмыстарын әшкерелеген.