Петропавл қаласының әкімі отставкаға кетті

0
480


Петропавл қаласының әкімі отставкаға кетті

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков өз еркімен отставкаға кетті, деп жазады Stan.kz.

Болат Жұмабеков әкім қызметінде болған үш жылда тұрғындармен бірге "талай сынақтан" өткенін жазды.

“Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. "Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтардан өттік: карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, ТКШ және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің барлық командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті", – деді ол.

Болат Жұмабеков әріптестеріне, кәсіпкерлерге, депутаттарға және Қоғамдық кеңес мүшелеріне, барлық белсенділерге жеке алғысын жеткізді.

Бөлісу