Қаланың көңіл көтеретін орындарының бірінде мас күйдегі екі тұрғын теріс қылық көрсетіп, тәртіпті бұзған.
Сурет: polisia.kz
20 ақпан сағат 07:00 шамасында қаланың көңіл көтеретін орындарының бірінде мас күйдегі екі тұрғын теріс қылық көрсетіп, тәртіпті бұза бастаған. Жақын маңда кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін оқиға орнына келді. Шу шығарғандардың біреуіне самбо әдістерін қолданып, қолына кісен салуға тура келді. Екіншісі ашу үстінде өзінің тамағына пышақ тақап, өзін-өзі өлтіретінін айтып қорқыта бастаған.
Оқиға орнына дереу қосымша күштер жіберілді, сондай-ақ қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев та келді. Осындай сипаттағы әр түрлі қиын жағдайларда жылдам әрі тиімді шешім қабылдай білетін тәжірибелі офицер жанжалқоймен келіссөздер жүргізе бастады. Абырой болғанда, ызаланған қала тұрғыны тынышталып, пышағын жерге тастайды, кейін полицейлердің талабымен қызметтік көлікке отырды.