Ал долларға деген сұраныс төмен.
ERNUR.KZ. Петропавлдықтар жаппай Ресейдің рублін сатып алып жатыр. Оның бағамы арзандап, 5 жарым теңгеге дейін түсіп кеткен, деп жазады "Хабар-24".
Ал долларға деген сұраныс төмен. Қазір АҚШ доллары 401 теңгеге жетті. Бірақ валюта айырбастау орындарында ұзын-сонар кезек байқалмайды.
Кәсіпкерлердің айтуынша, адамдар дүйсенбі күні көп болған. Жалпы, Қазақстан бойынша доллардың орташа бағамы бірдей. Шамамен - 396 теңге. Кейбір қалаларда АҚШ доллары жоқ. Мәселен, Павлодарда тек сатып алу жүріп жатыр.
- Маған оның айырмашылығы жоқ. Зейнеткермін. Қазір жарыммен ақшамызды рубльге ауыстырып, Ресейге немерелерімізге барып келеміз. Қымбаттай ма, арзандай ма, алатыным сол зейнетақы.
- Аз-маз доллар сатып алдым. Қазіргі әлемдегі саяси жағдайға байланысты ол тағы да өседі деп ойлаймын.