Тәртіп сақшылары аш және әлсіз аққуға балылқ беріп тамақтандырған.
ERNUR.KZ. Ақтаудағы 7-шағынаудан жағалауынан полицейлер қалжыраған аққуды байқап, құтқаруға асыққан, деп жазады elitar.kz.
"Біз полицейлердің жұмысы туралы сюжет жасап жатқанбыз. Кенет аққуды байқадық. Ол жағаға өте жақын жүзді. Аш және әлсіз еді. Біздің құсқа жанымыз ашыды. Оны бірден дүкенге бардық, балық сатып алып, тамақтандырдық. Аққу расында аш екен. Тәртіп сақшылары оны қаскөйлерден қорау үшін, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясындағы әріптестеріне хабарласты", - деді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибатулаева.