Полиция бастығының орынбасары отырған көлікке оқ атқан адам ұсталды

0
557

34 жастағы ер адамды полицейлер 6 күннен кейін ғана қолға түсірді.


Полиция бастығының орынбасары отырған көлікке оқ атқан адам ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбеков отырған көлікке оқ атқан күдікті ұсталды. 34 жастағы ер адамды полицейлер 6 күннен кейін ғана қолға түсірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«2 шілде күні жедел-іздестіру жұмыстары барысында көлікке оқ атқан 34 жастағы Ж есімді күдікті ұсталды. Қазір оның көлігі айып тұрағына қойылып, өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпараттар заңға сәйкес тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 26 маусым күні Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары отырған көлікке оқ атылды. Оқиға Алматы-Талдықорған жолындағы Арқарлы асуының маңында болған.