Полиция боксшы Бейбіт Шүменовті әлі іздеп жатыр

0
450

Спортшы Бейбіт Шүменов бала көтерген ер адамды соққыға жыққан.


Полиция боксшы Бейбіт Шүменовті әлі іздеп жатыр

ERNUR.KZ. Полиция азаматты соққыға жыққан боксшы Бейбіт Шүменовті әлі іздеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов айтты, деп жазады baq.kz.

Ішкі істер министрлігі боксшы Бейбіт Шүменовті іздеп жатыр ма? Оны неге ұзақ іздеп жатырсыздар? Ол АҚШ-та күнге қыздырынып жатқан сияқты? – деп сұрады БАҚ өкілдері Мәжілістің кулуарында ІІМ басшысынан.

Ержан Саденов полиция жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Ол іздеуде. Тиісті шараны қабылдап жатырмыз. Болашақта елге қайтаруға тырысамыз, - деп жауап берді полицей Мәжілісте.

Еске салсақ, маусым айында Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде төбелес болды. Белгілі болғандай, белгілі спортшы Бейбіт Шүменов бала көтерген ер адамды соққыға жыққан.

Оқиға 18 маусымда болса да, дүйім жұртқа шілдеде белгілі болды. Аталған жайтқа қатысты Ішкі істер вице-министрі Қайрат Сүнтаев пікір білдіріп, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Кейіннен Шүменовтің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында істің мән-жайын баяндап берді. Бейбіт Шүменовке қатысты сыннан кейін оның әйелі АҚШ елшілігіне жүгінген.

Бұдан бөлек зардап шеккен адам қырғызстандық болғандықтан, аталған іске қырғыз тарапы да араласқан болатын.

Салдарынан Шүменовке халықаралық іздеу жарияланғаны анықталды.

1 тамызда белгілі боксшы Бейбіт Шүменовтің ісіне қатысы бар полицейлер қызметінен босатылды.