Қазір Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте жұмыс сапарымен жүр.
ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы қамалған бас дәрігердің ісін анықтауды тапсырды, деп
"Нью-Йоркте сапармен жүріп, Алматыдағы 4-ші қалалық аурухананың бас дәрігері және анестезиологының тұтқындалуы жөніндегі медицина қауымының өтініш-тілектерін оқыдым. Германия ауруханасында жасалған отадан соң қайтыс болған науқастың өлімін Заңға сәйкес тексеруді тапсырдым. Бұл мәселе Президент Әкімшілігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласы әкімінің бақылауында", - деп жазған Президент Twitter желісінде.
Мұның алдында Алматыдағы № 4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев тұтқындалғаны мәлім болған еді. Дәрігер Алматы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған. Сондай-ақ бұл іс бойынша аурухана анестезиологы Асқар Тұңғышбаев та тұтқындалған.
Бас дәрігердің жары тергеушілер Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне себеп болған әрекетке айғақ көрсетпегенін айтқан. Нұрсұлтан Күдебаевтың ұлы 2019 жылы тамыздың аяғында қайтыс болған. Ол Алатау ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.