Конституциялық кеңес басшысы биліктің тыныш, шиеленіссіз жағдайда ауысқанын атап өтті.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы өкілеттігінің ауысуы мен Қазақстан Президентінің сайлауы Конституция талаптарына сай өтті, деді Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми Парламент палаталарының бірлескен отырысында, деп жазады Zakon.kz.
"Сайлау қағидасымен жалпыхалықтың тануы жағдайында жоғарғы билік ауысуының басты үрдісі орын алды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында өз еркімен отставкаға кеткенін мәлімдеп, мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатты. Оның өкілеті Парламент Сенатының төрағасына берілді. Өткізілген жалпыхалықтық кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланды. Мемлекет басшысы өкілеттігінің ауысуы мен Қазақстан Президентінің сайлауы Конституция талаптарына сай өтті. Билік тыныш, шиеленіссіз жағдайда ауысты. Бұл ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету мен Қазақстанның халықаралық беделінің жоғары деңгейден танылуы үшін маңызды фактор" – деді Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми.