Фото: Виктор Федюнин / KazinformАСТАНА.
ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді келесі жылы елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды, деп жазады kaz.inform.kz.
“ Зор ризашылықпен Сізді келесі жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырамын. Дұрыс айттыңыз, мәселе протоколдық нақтылық жайында емес, шын мәнінде. Біз ең жоғары деңгейде құжаттардың жаңа буынына қол қоюға және оның дұрыс іске асырылуын бақылауға тиіспіз. Бұл аса маңызды “, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы кезегінде Ресей басшысы Қазақстан Президентінің шақыруын қабыл алды.
“ Қазақстанға зор ризашылықпен келемін “, - деді Владимир Путин.


